"Қайрат" Астанада "тоңып" қалған бельгиялықтарға төтеп бере алмады

Сарапшы, спорт журналисі

"Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-турда бельгиялық "Брюггеден" 1:4 есебімен ойсырай ұтылды. 

Ойынның алғашқы бөлігінде қонақтар екі гол соғып, басымдықты ерте қолға алды. Екінші таймда "Брюггеч тағы екі рет мергендік танытып, кездесудің тағдырын толық шешті. "Қайрат" тек қосымша уақытта бір голмен жауап қатты. Гол авторы — Әділет Садыбеков. 

Осы нәтиже "Қайраттың, жалпы кезеңдегі жағдайын жеңілдеткен жоқ. Команда 1 ұпаймен 36-орында қалып отыр.

Бұл "Қайраттың" биылғы Чемпиондар лигасындағы соңғы үйдегі ойыны болды. Енді алматылықтар 8-турда Лондонда "Арсеналға" қарсы ойнайды. Кездесу 28 қаңтарда өтеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір