Ұлан Қонысбаев ресми түрде оралды
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев жанкүйерлерін қуантты.
“Тараздың” ресми мәлімдемесі
Қонысбаев “Тараз” ФК келісімшартқа қол қойды. Жамбылдықтар ойыншының қайта қосылуын ерекше атап өтіп, тәжірибесі командаға жаңа серпін беретінін жеткізді. Сонымен бірге Ұланның биылғы маусымда ұжымның Премьер-лигаға шығу мақсатына үлес қосып, жастарға тірек бола алатыны айтылды.
Қонысбаевтың мансабындағы клубтар мен жетістіктер
Ұлан Қонысбаев “Тараздан” бөлек ел футболындағы бірқатар танымал клубтардың намысын қорғаған:
- “Астана”
- “Шахтер”
- “Қайрат”
- “Атырау”
- “Ақтөбе”
Ол Қазақстан чемпионатының 2011 жылғы үздік футболшысы атанған. Сонымен бірге ел чемпионы, Қазақстан Кубогы мен Суперкубоктарының иегері ретінде де белгілі.
Қазақстан құрамасында 2011-2016 жылдар аралығында ойнап, 32 матч өткізіп, 3 гол соққан.
36 жастағы жартылай қорғаушы 2022 жылдың басында мансабын ресми түрде аяқтаған. Оның соңғы клубы да дәл осы “Тараз” болды.