"Қайраттың" экс-капитаны Румыния клубымен келісімшартқа отырды

Сарапшы, спорт журналисі

Ол алматылық клуб сапында "Интерге" гол соққан.

"Қайраттың" экс-капитаны Румыния клубымен келісімшартқа отырды
Офри Арад. Фото: "Қайрат" ФК

"Қайраттың" бұрынғы ойыншысы, израильдік жартылай қорғаушы Офри Арад Румынияның ФКСБ клубының (бұрын "Стяуа" атауымен белгілі) футболшысы ретінде ресми түрде таныстырылды.

Клуб тірек жартылай қорғаушымен келісімшартқа қол қойғанын әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады. Арад медициналық тексерістен өтіп үлгерген, ал бүгін жаңа командасымен алғашқы жаттығуын өткізеді.

Израиль құрамасының ойыншысы "Қайратта" екі жыл ойнады

Офри Арад 2023 жылдан бері "Қайрат" сапында өнер көрсетті. Алматы клубымен бірге ол екі рет Қазақстан чемпионы атанып, бір Суперкубок жеңіп алды. Сондай-ақ командаға өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуға көмектесті. "Қайрат" құрамындағы соңғы ойынында израильдік футболшы Миландағы "Сан-Сиро" стадионында "Интердің" қақпасына гол соқты.

Оқи отырыңыз:

Винисиусқа 230 млн еуролық ұсыныс түсті: "Реалдың" шешімі қандай?;

"Тобыл" тағы бір маңызды ойыншысымен қоштасты;

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір