"Тобыл" тағы бір маңызды ойыншысымен қоштасты

Сарапшы, спорт журналисі

Өткен маусымда клубтың негізгі шабуылшысы атанған бұл футболшы 17 ойында сегіз гол соғып, үш голдық пастың авторы атанған.

"Тобыл" тағы бір маңызды ойыншысымен қоштасты
Николай Сигневич. Фото: "Тобыл" ФК

Беларусьтік шабуылдаушы жартылай қорғаушы Николай Сигневич «Тобылдан» ресми түрде кетті, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.

Өткен маусымда Сигневич Қазақстан Премьер-Лигасында 17 матч өткізіп, сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

Бұған дейін БАҚ 33 жастағы футболшы отбасылық жағдайына байланысты Беларуське қайтуды жөн көргенін, ол жақта мансабын жалғастыруға бірнеше нұсқасы бар екенін жазған еді.

Еске сала кетейік, былтыр «Тобыл» ҚПЛ қорытындысы бойынша үшінші орын алып, ел Кубогын жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір