"Ақтөбе" футбол клубы жекеленген соң жаңа маусымға тыңғылықты дайындығын бастап кетті. Трансферлік қауесет Португалия аңызы Луиш Наниден басталса, содан кейін Босния және Герцеговинаның экс-капитаны Миралем Пьяничте "ақ-қызылдар" қатарына қосылады деген тың ақпарат та пайда болған еді.
Өткен демалыс күндері ақпарат кеңістігінде «Ақтөбенің» жұлдызды футболшыларға қызығушылығы туралы қауесет қызу талқыланды. Әңгіме арасында «Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Миралем Пьяничтің есімі де аталды. Бұл мәліметтерге байланысты босниялықтың агенті Фали Рамадани пікір білдіруге мәжбүр болды.
Оның айтуынша, «Ювентустың» экс-ойыншысы 2025 жылы Мәскеудің ЦСКА клубындағы кезеңінен кейін кәсіби мансабын аяқтаған және оны қайта жалғастыруды жоспарлап отырған жоқ.
«Ақтөбе» ме? Миралем футболшы ретіндегі мансабын аяқтады», – деді агент euro-football.ru сайтына берген сұхбатында.
Оқи отырыңыз:
Ұлттық құрама бапкері "Қайратқа" сәттілік тіледі;
"Лейпциг" ойыншысы жанкүйерлермен қоштасып, 4444 литр сыра сыйлады;