Қазақстан U-19 бапкері Елдос Ахметов "Қайрат" ойыншыларымен кездесіп, бүгінгі ойын алдында сәттілік тіледі.
Қазақстан құрамасының экс-қорғаушысы, қазіргі сәтте жастар құрамасының бапкері Елдос Ахметов алматылық клубтың орналасқан қонақжайына барып, ойыншылармен жеке кездесу жасады.
"Ертеңгі ойын алдында «Қайрат» жігіттеріне сәттілік тілеуге арнайы барып, өзімнің жылы лебізімді білдіріп қайттым".
Танымал футболшы кезінде "Қайрат" футбол клубында ойнағанын да атап өтті:
"Бұл команда мен үшін жат емес. Осында бірге ойнаған, бір алаңда тер төккен кездерім көп. Сондықтан әр ойын — бөлек жауапкершілік, бөлек сезім.Ойыншылармен аз-кем тілдесіп, өз тәжірибеммен бөлістім. Мұндай сәттерде ең бастысы — өздеріңе деген сенім, бірлік және алаңдағы мінез. Қалғанын футбол өзі көрсетеді.
Ертеңгі матчта «Қайратқа» сәттілік тілеймін!Жанкүйерлердің үмітін ақтап, нағыз мінез көрсетеді деп сенемін".
Естеріңізге салсақ, бүгін, 20 қаңтарда "Астана-Аренада" Чемпиондар лигасының жетінші тур аясында бельгиялық "Брюггені" қабылдайды. Матч Астана уақытымен 20:30-ға жоспарланған.
Оқи отырыңыздар:
"Қайрат" — "Брюгге" матчының нақты есебі айтылды;
FIFA Series 2026: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды;
Еурокубоктарда көмектесе алмай ма? Дастан Сәтпаевтың оралатын мерзімі нақтыланды