Кездесулер наурызда «Астана Арена» стадионында өтеді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының FIFA Series 2026 аясындағы жолдастық матчтарда кездесетін қарсыластары анықталды. Жаңа халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы Намибия, Комор аралдары және Кувейт ұлттық құрамаларымен күш сынасады.
Кездесулер 2026 жылдың 23–31 наурызы аралығында Астанада, «Астана Арена» стадионында өтеді.
Қазақстан ерлер ұлттық құрамалары арасында FIFA Series 2026 матчтарын қабылдайтын елдердің қатарына енді. Бұл мәртебеге ие болған мемлекеттер тізімінде:
Ал әйелдер ұлттық құрамаларының матчтарын Бразилия, Кот-д’Ивуар және Тайланд қабылдайды.
FIFA Series форматына сәйкес, әр топта әртүрлі конфедерациядан төрт ұлттық құрама бақ сынайды.
Командалар «төрт финал» жүйесімен екі жолдастық матч өткізеді.
Оқи отырыңыздар:
"Данияр Елеусіновты десертке қалдыруға болады" — "Мотиватор" ерекше жоспар ұсынды
Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін жариялады
"Оң нәтиже бәрін шешпейді": Әлімханұлына қатысты маңызды мәлімдеме жарияланды