"Данияр Елеусіновты десертке қалдыруға болады" — "Мотиватор" ерекше жоспар ұсынды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық поп-ММА өкілі Әнуар "Мотиватор" Бекембетов елдегі ММА мен бокстың танымал жұлдыздарына қарсы үзіліссіз, бірден бірнеше жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты. 

"Данияр Елеусіновты десертке қалдыруға болады" — "Мотиватор" ерекше жоспар ұсынды
instagram/@anuarbekmotivator

"Неге Қазақстанда да шоу жасамасқа?" 

Бекембетов Instagram желісіндегі үндеуінде шетелдегі трендті мысалға келтіріп, Қазақстанда да дәл сондай көрініс ұйымдастыруға болатынын жеткізді. Оның сөзінше, басқа елдерде блогерлер мен медиа-тұлғалар кәсіпқой боксшылармен және ММА файтерлерімен жұдырықтасып, үлкен шоу жасап жүр.

Осы форматты Қазақстанда да жүзеге асыруға болатынын айтқан "Мотиватор" тіпті Флойд Мейвезер мен Джон Джонсты мысалға келтіріп, бір кеште бірнеше жекпе-жек ұйымдастыруға дайын екенін меңзеді.

"Үзіліссіз шығамын": Тоқтар мен Елеусіновке бір күнде қарсы шығуға дайын

Әнуардың айтуынша, Данияр Елеусінов бұған дейін менімен және Еркебұлан Тоқтармен бір күнде төбелесуге дайын екенін айтып, бірақ үзіліспен өткізетінін жеткізген.

Ал мен екеуімен де үзіліссіз шығамын. Қажет болса, "десертке" Данияр Елеусіновті да қосуға болады. Бәрімен тоқтамай төбелесуге дайынмын.

"Уақытым жоқ": "Мотиватордың" эмоциялық мәлімдемесі

Файтер өзінің сөзінде уақыттың аз екенін, демалуға мүмкіндік жоғын да атап өтті. Тіпті "жақында зейнет жасына келетін уақыт та таяйды" деп әзіл-шыны аралас ой тастап, Қазақстанда жақсы ұсыныс түссе, шоу жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов бір күннің ішінде "Мотиватор" және танымал ММА файтері Еркебұлан Тоқтармен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір