Бокстан еліміздің соңғы Олимпиада чемпионы әлеуметтік желісінде жанкүйерлерді мәлімдемесемін таңқалдырды.
Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусинов Еркебулан Тоқтар мен Ануарбек «Мотиватор» Бекембетовты бір күннің ішінде-ақ жеңуге дайын екенін мәлімдеді.
"Ассаламуғалейкум баршаңызға, қайырлы күн. Барлығыңыз: “Еркебулан, «Мотиватор» – бұл сенің деңгейің емес, саған болмайды” деп айтып жатырсыздар. Ал былай істеп көрейік: Джордж Форман бір күннің ішінде төрт-бес боксшымен шыққан ғой... Мен бес қарсыласқа шығамын деп отырған жоқпын, бірақ Еркебуланмен шығайын, одан кейін сол күні бірден “Мотиватормен” жұдырықтасайын. Арасында аздаған үзіліспен. Бұған қалай қарайсыздар? Мұны кім ұйымдастыруға дайын? Мен дайынмын"!
Елеусіновтің айтуынша, екі жекпе-жектің арасында 10 минуттық үзіліс болса жеткілікті:
"Жай ғана Джордж Форманның Алиден жеңілгеннен кейінгі тарихын қараңыздар. Ол төрт-бес қарсыласқа қарсы шығып, бокстасты, әр раундта әртүрлі қарсылас шыққан. Ал бізде біреуін соңына дейін шығарып, содан кейін... 15 минуттай, жарайды, 10 минуттай демалып алып, екіншісімен шығуға болады. Керемет болады. Деңгейі төмен не жоғары екені маңызды емес, физикалық шаршау болады, сондықтан бәрі қалыпты өтеді деп ойлаймын", – деді боксшы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Данияр Елеусинов қазіргі таңда Қазақстан боксы тарихындағы соңғы Олимпиада чемпионы болып табылады. Ол әуесқой бокстағы мансабын аяқтап, 2018 жылы АҚШ-та кәсіпқойлар арасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол кездесуде америкалық Ноа Киддті төрешілер шешімімен жеңді.
Еркебулан Тоқтар мен Ануарбек Бекембетов — әлеуметтік желілердегі арандатушылық әрекеттері мен жанжалдары арқылы көпшіліктің назарын өздеріне аударып жүрген қазақстандық поп-MMA-ның жаңа толқын өкілдері.
Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін бокс ережесімен өткізген болатын. 26 желтоқсан Өзбекстанда өткен кеште Еркебұлан Тимур Никулинды 72 секундта нокаутқа жіберді.