Финалдық бәсеке Өзбекстанда: World Boxing 2026 жылдың күнтізбесін жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Бокс маусымы 8 наурызда Таиландтағы жастар кубогінен басталып, 2 желтоқсан Өзбекстанда өтетін финалдық бәсекелермен аяқталады.

Финалдық бәсеке Өзбекстанда: World Boxing 2026 жылдың күнтізбесін жариялады
Геннадий Головкин. Фото: World Boxing

Әуесқой бокстан халықаралық федерация World Boxing 2026 жылға арналған іс-шаралар күнтізбесін жариялады. Жылдың басты жарыстарының қатарында Азия және Еуропа чемпионаттары, сондай-ақ жазғы Азия ойындары бар. Бұдан бөлек, World Boxing былтырғыдай Әлем кубогын да өткізеді. Бұл бәсеке үш кезеңнен тұрады (финалдық кезеңі жыл соңында Өзбекстанда өтеді).

World Boxing-тің алдағы 12 айға жоспарлаған турнирлер күнтізбесі толықтай төмендегідей:

  • 8–15 наурыз: World Boxing Futures Cup 2026 U19 (Бангкок, Таиланд);
  • 28 наурыз – 11 сәуір: ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты (Улан-Батор, Моңғолия);
  • 20–26 сәуір: World Boxing Әлем кубогы (ерлер және әйелдер), 1-кезең (Фос-ду-Игуасу, Бразилия);
  • 15–20 маусым: World Boxing Әлем кубогы (ерлер және әйелдер), 2-кезең (Гуйян, Қытай);
  • 23 шілде – 2 тамыз: Достастық ойындары (ерлер және әйелдер) (Глазго, Шотландия);
  • 15–26 қыркүйек: Еуропа чемпионаты (ерлер және әйелдер) (София, Болгария);
  • 19 қыркүйек – 4 қазан: Азия ойындары (ерлер және әйелдер) (Айти–Нагоя, Жапония);
  • 10–17 қазан: Панамерика чемпионаты (ерлер және әйелдер) (Пуэбла, Мексика);
  • 31 қазан – 13 қараша: Жасөспірімдер Олимпиада ойындары (Дакар, Сенегал);
  • 25 қараша – 2 желтоқсан: World Boxing Әлем кубогы (ерлер және әйелдер), финалдық кезең (Ташкент, Өзбекстан).

Сонымен қатар 2026 жылы World Boxing ұйымының 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатын өткізу жоспарланған – өтетін орны мен нақты мерзімі кейінірек хабарланады.

Еске сала кетейік, 2025 жылы World Boxing ұйымының президенті болып атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин сайланды, ал Қазақстан бокс федерациясы WB құрамына 2024 жылы ресми мүше болған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір