Винисиусқа 230 млн еуролық ұсыныс түсті: "Реалдың" шешімі қандай?

Сарапшы, спорт журналисі

Сауд Арабиясының командалары бразилиялық жұлдызды сатып алмақшы. Тіпті оны сатып алу үшін әлемдік рекордты жаңартпақ ойы бар.

Винисиусқа 230 млн еуролық ұсыныс түсті: "Реалдың" шешімі қандай?
Винисиус Жуниор. Фото: "Реал" ФК

Мадридтік "Реал" клубына сол қапталдағы шабуылшы Винисиус Жуниорды сатып алу жөнінде 200 млн фунт стерлинг (шамамен 230 млн еуро) көлемінде ұсыныс түсті.

Бұл туралы X әлеуметтік желісінде Indykaila News хабарлады. Дереккөз мәліметінше, ұсыныс Сауд Арабиясы клубынан келген. Мадридтіктер қызығушылық танытқан тарапқа Винисиустың 2026 жылғы қысқы трансферлік терезеде сатылмайтынын жеткізген.

Бразилиялық футболшы 25 жаста, "Реал" сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Ағымдағы маусымда ол барлық турнирде 29 матч өткізіп, 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Винисиустың мадридтік клубпен келісімшарты 2027 жылдың маусым айының соңына дейін күшінде.

Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 150 млн еуро деп бағалайды.

Оқи отырыңыз:

"Тобыл" тағы бір маңызды ойыншысымен қоштасты;

"Ақтөбе" мен Пьянич: агент трансферге қатысты мәлімдеме жасады;

Ұлттық құрама бапкері "Қайратқа" сәттілік тіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір