Реклама
Реклама

Хаби Алонсо "Ливерпуль" тізгінін ұстауға дайын

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:19

Бұл туралы жасырын қалуды жөн көрген дереккөз хабарлады. Испаниялық маман қазір жұмыссыз. 

Sports24.kz

Леверкузендік "Байер" мен мадридтік "Реалды" баптаған испаниялық маман Хаби Алонсо Англияның атақты клубы "Ливерпульде" бас бапкер болуға дайын. Бұл туралы Indykaila News порталы X әлеуметтік желісіндегі аты-жөні аталмаған дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Хаби Алонсо өз мүмкіндіктеріне сенімді және "Ливерпульдегі" қазіргі құрамның өзімен-ақ әлемдік деңгейдегі команда құруға болатынына кәміл сенеді. Алайда, әзірге мерсисайдтық клуб тарапынан ресми ұсыныс жасалғаны немесе келіссөздердің басталғаны жөнінде нақты ақпарат жоқ.

Алонсоның бапкерлік мансабы

Хаби Алонсо соңғы рет мадридтік "Реалдың" бас бапкері қызметін атқарды. Бұған дейін ол Германияда "Байер Леверкузенде" қызмет етті. Қазір "Реалды" осы клубтың тағы бір экс-футболшы Альваро Арбелоа баптап жүр. 

Ал "Ливерпуль" ағылшын біріншілігінде 4-орында келеді. 

Оқи отырыңыздар: 

Тарихта тұңғыш рет! Қазақстандық киберспортшы әлемдік додада жүлдеге таласады

Александр Бублик Австралияда алғаш рет үшінші айналымға шықты

"Асығыстық болды": "Қайрат" басшысы Астанада ойнауға қатысты қателігін мойындады


 

Реклама
Реклама