Өскеменнің "Алтай" ФК нигериялық қорғаушы Самюэл Одеиобомен келісімшарт жасауға өте жақын.
32 жастағы қорғаушы қазақстандық футбол сүйер қауымға бұрыннан белгілі. Ол соңғы екі маусымда "Елімай" сапында өнер көрсетіп, барлық турнирді қоса есептегенде 35 матчқа қатысып, 3 гол соққан.
Одеиобо Қазақстанға 2024 жылдың шілдесінде Литваның "Хегельманн" клубынан ауысқан. Ақпарат бойынша, трансфер құны шамамен 100 мың еуро болған.
Қорғаушы кәсіби мансабында жалпы 258 ойын өткізіп, 19 гол және 6 нәтижелі пас авторы атанған.
Transfermarkt порталының дерегінше, футболшының қазіргі нарықтық құны — 350 мың еуро, бұл шамамен 210 миллион теңге.