"Асығыстық болды": "Қайрат" басшысы Астанада ойнауға қатысты қателігін мойындады

Сарапшы, спорт журналисі

Кеше алматылық клуб Чемпиондар лигасы аясында "Астана Аренада" бельгиялық "Брюггені" қабылдады. Қорытынды есеп - 1:4. 

"Асығыстық болды": "Қайрат" басшысы Астанада ойнауға қатысты қателігін мойындады
ru.sputnik.kz

"Қайрат" футбол клубының қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев клубтың негізгі инфрақұрылымдық жобаларының бірі — Алматыда жаңа стадион салу барысы туралы ойымен бөлісті. Бұл туралы QSport хабарлайды. 

Алматыдағы жаңа стадион: мерзім мен жауапкершілік

Боранбаевтың айтуынша, клубтың жаңа аренасын жобалау мен салу жұмыстары негізінен қала әкімдігі мен тиісті мемлекеттік құрылымдардың мойнында.

"Әкімдік тарапынан қазірдің өзінде үлкен жұмыс атқарылды. Барлық процесс жоспарға сай жүріп жатыр. Біз стадион құрылысы шамамен екі жылдың ішінде толық аяқталады деп күтеміз", — деді ол.

Бұдан бөлек, Қайрат Боранбаев команданың қысқы кезеңдегі еурокубок матчтарын Астанада өткізуге не себепті мәжбүр болғанын да түсіндірді. Боранбаевтың сөзінше, бұл қадамның футбол тұрғысынан белгілі бір артықшылықтары болғанымен, команда Алматыда да ойнай алатын еді.

"Қазір ойланып қарасақ, Астанаға көшу сәл асығыстық болды. Футбол тұрғысынан бұл шешім түсінікті болуы мүмкін, бірақ ең бастысы — жанкүйер. Ал жанкүйер үшін ол ыңғайлы болмады", — деді функционер.

Соңғы матч нәтижесі

Айта кетейік, 20 қаңтарда "Қайрат" Чемпиондар лигасы аясындағы кездесуін “Астана Аренада” өткізіп, бельгиялық “Брюггеге” 1:4 есебімен жеңілді. Енді алматылық ұжым жалпы кезеңнің соңғы турында сырт алаңда “Арсеналмен” ойнайды. 

Оқи отырыңыздар: 

"Деңгейіміз осындай": Еркін Тапалов "Брюггеден" жеңілу себебін түсіндірді

Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирде сенсация жасады

"Ақтөбенің" экс-капитаны Нанидің трансфері туралы ашық айтты

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір