"Деңгейіміз осындай": Еркін Тапалов "Брюггеден" жеңілу себебін түсіндірді

Сарапшы, спорт журналисі

"Астана-Арена" алаңында өткен Чемпиондар лигасының жетінші тур аясындағы матчы қонақтардың пайдасына ірі есеппен аяқталған еді.

"Деңгейіміз осындай": Еркін Тапалов "Брюггеден" жеңілу себебін түсіндірді
Еркін Тапалов. Фото: "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Еркін Тапалов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасында бельгиялық "Брюггемен" өткен ойынға (1:4) тоқталды.

Оның айтуынша, командада қазір тұрақты ойын ырғағы жетіспейді.

"Қазір бізде ойын ырғағы жоқ. Чемпионаттың аяқталғанына екі айдан астам уақыт өтті. Қазіргі деңгейіміздің осындай екенін мойындау керек", — деді Тапалов.

Футболшы бұл матч күз мезгілінде өткен жағдайда, кездесу барысы мүлде басқаша болуы мүмкін екенін де атап өтті.

"Иә, егер бұл ойын қазан немесе қараша айларында өткенде, мүлдем басқаша болар еді. Өз стадионымыз, өз жанкүйерлеріміз, ең бастысы – тонуста болатын едік. Қазір жұмысымызды жалғастырып, «Арсеналмен» болатын матчқа дайындаламыз. Иә, бұл кездесу ештеңе шешпейді, бірақ біз жақсы ойын көрсетуге тиіспіз. Уақыт бар, Лондонда болатын ойынға тыңғылықты дайындаламыз", – деп қосты ол.

Еске салайық, "Қайрат" "Брюггеге" қарсы кездесуде 1:4 есебімен жеңіліс тапты. Ал Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчты алматылық команда 28 қаңтарда Лондонда "Арсеналға" қарсы өткізеді.

Оқи отырыңыз:

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір