Ол әйелдер арасындағы "Лестер" клубымен ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойды.
Швейцария құрамасының жартылай қорғаушысы Алиша Леманн келісімді 2028 жылға дейін жасаған.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Леманн Англияға келіп үлгерген және жаңа командасымен алғашқы жаттығуын өткізіп, ағылшын чемпионатының маусым жалғасына дайындықты бастап кеткен.
Алишаның соңғы командасы — Италияның "Комо" клубы. Ол бұл ұжымға 2025 жылдың тамызында қосылған. Ал "Комоға" дейін "Ювентус" сапында өнер көрсетті.
Леманн 12 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Леманн Англиядағы футбол ортасына бұрыннан таныс. Ол бұған дейін "Эвертон", "Вест Хэм", "Астон Вилла" клубтарында ойнап, бірнеше маусым бойы жоғары деңгейде тәжірибе жинаған.