Реклама
Реклама

Бауыржан Исламхан Нанимен бір клубта ойнауы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
23.01.2026, 12:15

Қазіргі таңда "Қайрат" пен "Ордабасы" сапында бірқатар жыл өнер көрсеткен Исламхан еркін агент.

Бауыржан Исламхан. Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Бауыржан Исламханның "Ақтөбе" клубына ауысуы мүмкін екені белгілі болды, деп хабарлайды "Серый CARDINAL" телеграм-арнасы.

"Кенесовтен бөлек, „Ақтөбе“ сапын Исламхан да толықтыруы мүмкін. Бауыржан Исламхан жарақатынан толық айығып, жаңа белестерді бағындыруға дайын. Ал Арман Кенесов бұған дейін „Ақтөбе“ құрамында ойнаған және 2024 жылғы маусымда қызыл-ақтардың Қазақстан Кубогын жеңіп алып, чемпионатта қола жүлде иеленуіне үлес қосқан негізгі ойыншылардың бірі болды", — деп жазады дереккөз.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы маусымда Исламхан "Тұран" мен "Астана" клубтарының құрамында тіркелгенімен, жарақаттардың салдарынан ресми матчтардың бірде-бір минутына қатысқан жоқ.

Исламхан жайлы

Бауыржан Исламхан – Қазақстанның танымал футболшыларының бірі, жартылай қорғаушы. Ол өзінің кәсіби карьерасын 2011 жылы туған қаласының клубы – "Тараз" командасында бастаған. Кейіннен "Астана", "Қайрат", "Ордабасы", "Тұран", Ресейдің "Кубань" және Біріккен Араб Әмірліктерінің "Аль-Айн" клубтарында ойнаған.

 

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама