Реклама
Реклама

Бірінші лига клубы жеке меншікке өтті

Сарапшы, спорт журналисі
23.01.2026, 19:20

Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру процесі жалғасып жатыр. Бұл жолы Бірінші лигада өнер көрсететін "Тараз" ФК толық жеке меншікке өтті.

instagram/@fctaraz.official

Жаңа қожайын кім?

AmanVibe дерегіне сүйенсек, бүгіннен бастап “Тараздың” жаңа иесі — SD Family спорт холдингі. Холдингті бұрынғы футболшы Дидар Сыдықбек басқарады. Жамбылдық клуб сауда-саттықта 15 миллион теңгеге сатылған.

SD Family холдингіне не кіреді?

Ақпаратқа сәйкес, SD Family құрылымында бірнеше бағыт бар:

  • SD Family командасы (алдағы маусымда Екінші лигада ойнайды)
  • Астанадағы алты футбол нысаны
  • Стадион (Астана қаласында)

Бұл активтер холдингтің инфрақұрылымдық мүмкіндігін күшейтіп, “Тараз” жобасына ұзақмерзімді жоспар құруға жол ашуы ықтимал.

“Тараз” бен “Шахтер”: Бірінші лигада жаңа тренд

Осы мәміледен кейін “Тараз” Қарағандының “Шахтеры” сияқты Бірінші лигада жеке клуб мәртебесіне ие болды. Мұндай өзгеріс клубқа жеке инвестиция тарту, басқару жүйесін жаңарту және спорттық және маркетингтік стратегияны күшейту сияқты мүмкіндіктер беруі мүмкін.

Реклама
Реклама