Реклама
Реклама

"Реал" мен "Баварияның" экс-жұлдыздары "Ақтөбеге" келуі мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:56

Кезінде бұл футболшылар "Реал", "Бавария", "Ливерпуль" секілді белді клубтардың намысын қорғаған.

Коллаж

Колумбиялық Хамес Родригес пен швейцариялық Джердан Шакири "Ақтөбенің" құрамын толықтыруы мүмкін. Бұл туралы "Инсайды от Карпа" телеграм-арнасы хабарлайды.

"Хамес те, Шакири де “Ақтөбеге” ауысуы ықтимал: бұл — Халк бойынша келіссөздер үзіліп қалса деген қосалқы нұсқалар. Өйткені Халк жалақыны 2 млн еуро шамасында емес, жылына тұтас 4 млн еуро талап етіп отыр. 34 жастағы колумбиялық пен швейцариялық Қазақстандағы басты футбол ньюсмейкерінің шорт-листіне кірді", — деп жазады Карп.

Ақтөбе облысында "жұлдызды қызба" жалғасып жатыр. Нани мен Пьяничке "Реал" мен "Баварияның" бұрынғы ойыншылары қосылуы мүмкін.

Шакири Швейцария чемпионы атанды

Соңғы 1,5 жылда Шакири "Базель" сапында өнер көрсетіп, "гол+пас" жүйесі бойынша керемет 27+34 (!) нәтижеге қол жеткізген. Кезінде "Бавария" мен "Ливерпульдың намысын қорғаған ойыншы қазіргі таңда "Базельмен" Швейцария чемпионы атанды.

Хамес қазір Мекика чемпионатында

Ал Хамес соңғы бес жылда рок-н-рольщик секілді әлем кезіп жүр: оның түйіндемесінде Англияның "Эвертоны", Катардың "Әл-Райяны", Грекияның "Олимпиакосы", Испанияның "Райо Вальеканосы", Бразилияның "Сан-Паулусы" және Мексиканың "Леоны" бар.

Қаңтарда Родригес "Леонмен" келісімшартты ұзартудан бас тартты. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатына (ЧМ-2026) бару үшін көп ойнайтын клуб тапқысы келеді.

"Сірә, “Ақтөбе” басқа да жұлдызды ардагерлермен бірге оған лайықты нұсқа сияқты", — дейді дереккөз.

Өткен Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында "Ақтөбе" бесінші орын алды. Жақында клуб иесі кәсіпкер Нұрлан Артықбаев болды, Forbes мәліметі бойынша оның дәулеті 228 млн долларды құрайды.

Реклама
Реклама