Англияның Бірінші лигасының 28-туры аясында қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе иелік ететін "Уиком Уондерерс" өз алаңында "Питерборо Юнайтедке" жол берді.
"Адамс Парк" стадионындағы матч 2:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.
Бұл жеңіліс "Уиком" үшін жаңа күнтізбелік жылдағы алғашқы ұтылыс болды. Бұған дейін команда төрт матч қатарынан жеңілмей келген.
Осы нәтижеден кейін "Питерборо Юнайтед" 27 ойыннан кейін 38 ұпай жинап, 9-орынға көтерілді. "Уиком Уондерерс" 36 ұпаймен 12-орынға сырғыды.
Ал чемпионат көшбасшысы ретінде "Кардифф Сити" қалып отыр. Оның еншісінде 56 ұпай бар.