Реклама
Реклама

Темірлан Анарбековтің "Қайраттағы" болашағы анықталды

Сарапшы, спорт журналисі
27.01.2026, 12:50

22 жастағы қақпашы өткен маусымда ҚПЛ-дың үздік қақпашысы атанды. Одан бөлек Чемпиондар лигасына шығар сәтте негізгі қаһарман болды.

Темірлан Анарбеков. Фото: "Қайрат" ФК

Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков алматылық "Қайратпен" келісімшартын ресми түрде ұзартты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Мәліметке сәйкес, 22 жастағы футболшымен жасалған жаңа келісім 2028 жылдың 30 қарашасына дейін есептелген.

Еске сала кетейік, 2025 жылы Анарбеков айтарлықтай жетістіктерге жетіп, Қазақстан Премьер-Лигасының ең үздік қақпашысы деп танылды. Сондай-ақ ол SofaScore нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі қақпашылар рейтингінде көш бастады. Анарбеков ҚПЛ-2025 маусымының ең үздік қақпашысы атағын ресми түрде иеленді.

Бұдан бөлек, 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алтыншы тур қорытындысы бойынша "Қайрат" қақпашысы SofaScore нұсқасындағы жалпы ойыншылар рейтингінде 8,9 бағамен бірінші орынға шығып, әлемдік футбол жұлдыздары Килиан Мбаппені де артта қалдырды.

Реклама
Реклама