Реклама
Реклама

"Тобылдың" 71 млн теңгеге сатып алған легионері командадан кетпек

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:38

Былтыр қостанайлық клуб бұл бразилиялық футболшыны 120 мың еуроға сатып алған болатын. Ойыншы өзін толыққанды көрсете алмай, 9 ойында бір гол ғана сала алды.

Фото: "Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобыл" клубының бұрынғы шабуылшысы Энрике Девенс Қазақстанда қалуы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.

28 жастағы бразилиялық футболшы Премьер-лиганың өзге командаларының назарын аударған:

"Мен бар болғаны өз орнымда табыла алмадым – мұндай жағдайлар болады. Қазір басқа клубтармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, дегенмен жоғары жақтағы өзгерістерге байланысты келісу оңай емес", – деп растады футболшы.

Еске салайық, жазда қостанайлық клуб Девенсті Литваның "Жальгирис" клубынан сатып алған еді. Трансфер құны 120 мың еуроға бағаланған. Литвада шабуылшы сондай-ақ "Бабрунгас" пен "Дайнава" клубтарының намысын қорғаған.

"Тобыл" сапында Девенс Кубок иегері атанып, чемпионаттың қола жүлдесін жеңіп алды. Жалпы қостанайлықтардың жейдесінде бразилиялық футболшы 9 матчқа (алаңда 441 минут) қатысып, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама