"Қайраттың" үш футболшысы Шотландияда көзге түсті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазір алматылық команда Лондонда. Бүгін "Қайрат" Чемпиондар лигасы аясында "Арсеналға" қарсы ойын өткізеді. 

"Қайраттың" үш футболшысы Шотландияда көзге түсті
KazFootball.kz

Алматылық "Қайрат" футбол клубының бірнеше ойыншысы Чемпиондар лигасындағы өнерімен шетелдік мамандардың назарын аударды. Бұл туралы Шотландиядан шыққан, бұрын "Қайрат" сапында ойнаған Стюарт Дафф айтты. 

Стюарт Дафф алматылық клубтың қазіргі құрамынан ерекше көзге түскен ойыншыларды атап өтті.

"Дастан Сәтпаев — жұлдыз ойыншы, оның болашағы өте зор. Темірлан Анарбеков — өте жақсы қақпашы. Сонымен қатар, жас қақпашы Шерхан Қалмырза да өз матчтарында өзін тамаша көрсетті. Бұған қоса, командада жас қазақстандық футболшыларды толықтырып тұрған бірнеше сапалы легионер бар", — деді маман.

Айта кетейік, "Қайрат" келесі ойынын 28 қаңтар күні сырт алаңда өткізеді. Алматылық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында лондондық "Арсеналға" қарсы ойнайды.

Оқи отырыңыздар: 

"Адам сенгісіз". Елена Рыбакинаның жетістігі сұмдық таңданыс тудырды

"Жәнібек — алаяқ, лас жігіт" — Әлімханұлына жаңа айып тағылды

Кеңес Рақышев: "Қазақ боксына 7 миллион доллар салдым"

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір