Реклама
Реклама

Темірлан Анарбеков ЧЛ-дан кейін өзіне жаңа клуб таңдады

Сарапшы, спорт журналисі
30.01.2026, 09:15

"Қайраттың" негізгі қақпашысы жуырда жеңілген команда сапына ауысқысы келетінін айтты. 

sport.orda.kz

Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" негізгі қақпашысы Темірлан Анарбеков болашақта қай клубта ойнағысы келетінін айтты. Бұл туралы блогер Дастан Мұхаммедрахимовқа берген сұхбатында мәлімдеді. 

Сұхбат барысында Анарбековке "Қайраттан" өзге клубта ойнау мүмкіндігі туса, қай команданы таңдайтыны жөнінде сұрақ қойылды.

"Кез келген ағылшын клубы..." — деп жауап берді қақпашы.

Алайда сұхбат алушы нақты бір команданы атауды сұрағанда, Анарбеков ойын ашық жеткізді.

"Шынымды айтсам, арманымда... бәлкім, "Арсенал". "Арсенал" маған ұнайды. Алдағысын уақыт көрсетеді", — деді ол.

Лига чемпиондарындағы көрсеткіші

Темірлан Анарбеков 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде екі матч, жалпы кезеңде алты ойын өткізді. Турнир барысында ол 13 гол өткізіп, бір матчта қақпасын "құрғақ" сақтады.

Турнир қорытындысы бойынша Анарбеков 8,17 баллдық бағамен үздік ойыншылардың жалпы рейтингінде үшінші орынға тұрақтады. Одан жоғары тек:

  • норвегиялық "Буде-Глимт" қақпашысы Никита Хайкин (8,19),
  • мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе (8,56) ғана орналасты.

Тарихи жетістік

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков Қазақстан футболының тарихына енді. Ол УЕФА нұсқасы бойынша "Қайрат" — "Олимпиакос" (0:1) матчында ойынның үздік футболшысы атанып, арнайы мүсіншеге ие болған алғашқы қазақстандық болды.

Реклама
Реклама