Реклама
Реклама

"Қайрат" делегациясы "Челсидің" жаттығу базасында болды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
30.01.2026, 18:50

Алматының "Қайрат" ФК Лондонға жақын орналасқан Кобхэмдегі "Челсидің" жаттығу орталығында болды.

instagram/@f.c.kairat

Экскурсия және жұмыс кездесулері өтті

Сапар барысында “Қайрат” өкілдеріне “Челсидің” жаттығу кешені таныстырылды. Экскурсия бағдарламасына негізгі команданың базасы, жасөспірімдер академиясы және әйелдер командасының инфрақұрылымы кірді.

Сондай-ақ клуб басшылығы деңгейінде, жаттықтырушылар және медициналық штаб арасында жұмыс кездесулері ұйымдастырылды.

“Челсидің” құрылымы: скаутингтен менторлыққа дейін

Қазақ клубының делегациясы “Челсидің” спорттық бағыттағы бөлімдерінің жұмысымен жақынырақ танысты. Атап айтқанда, төмендегі бағыттар қарастырылды:

  • скаутинг жүйесі,
  • футбол процесін операциялық басқару,
  • рекрутинг (ойыншы іріктеу),
  • менторлық және ойыншыларды дамыту тетіктері.

Қақпашылар бапкерлері мен дәрігерлер арасында бөлек талқылау болды

Екі клубтың қақпашылар бапкерлері және медицина мамандары жеке кездесіп, жарақаттан кейін қалпына келу, сондай-ақ жоғары жүктемеден кейінгі реабилитация әдістері бойынша тәжірибе алмасты.

Жақын күндері “Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Оразбахтин, бас бапкердің көмекшісі Артём Гавриленко және Академия жетекшісі Александр Котляр “Челси” базасында тағылымдамадан өтіп, клубтың ішкі жұмыс процесін терең зерделемек.

Реклама
Реклама