Реклама
Реклама

Чемпиондар лигасындағы клуб жанкүйерлерге билет ақшасын қайтарды

Сарапшы, спорт журналисі
30.01.2026, 20:33

Чехияның "Славия" клубы Чемпиондар лигасындағы сәтсіз ойыннан соң жанкүйерлер алдында жауапкершілік танытып, матч билеттерінің құнын қайтару туралы шешім қабылдады.

isport.blesk.cz

“Пафосқа” қарсы матч: есеп — 1:4

“Славия” Чемпиондар лигасындағы соңғы кездесуін Кипрдің “Пафос” командасына қарсы өткізіп, 1:4 есебімен ірі жеңіліске ұшырады. Айта кетейік, бұған дейін-ақ чехиялық ұжым келесі кезеңге шығуға математикалық мүмкіндік жоғалтқан болатын.

Клубтың мәлімдемесі: “Кешірім сұраймыз”

“Славия” тарапынан жарияланған ресми мәлімдемеде команда өз ойыны үшін кешірім сұрап, Кипрге арнайы ұшып келген жанкүйерлерге қолдау үшін алғыс айтты.

Клуб шешімі бойынша Кипрге келіп, командаға қолдау көрсеткен жанкүйерлерге матчқа алынған билеттердің толық құны қайтарылады. Сонымен бірге “Славия” көктемде жанкүйерлеріне қайтадан жақсы ойын көрсетіп, қуаныш сыйлауға бар күшін салатынын жеткізген.

Мұндай тәжірибе футболда жиі кездеседі

Қазіргі футболда жанкүйерге құрмет көрсету мақсатында билет құнын қайтару тәжірибесі сирек емес. Мысал ретінде Чемпиондар лигасының 8-турынан кейін “Манчестер Сити” футболшылары да Норвегияда өткен “Будё-Глимтке” қарсы ойынға барған жанкүйерлерге билеттің ақшасын өтеуге шешім қабылдағаны айтылады. Ол матчта англиялық клуб 3:1 есебімен алаң иелеріне жол берген.

Реклама
Реклама