Реклама
Реклама

ҚПЛ клубы "Милан" ойыншысын қатарға қосты

Сарапшы, спорт журналисі
30.01.2026, 22:01

Астаналық "Жеңіс" құрамын тәжірибелі жартылай қорғаушымен толықтырды. 

Instagram/@jenisfk.kz

Александр Меркель Астанаға оралды

Клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, команда бұрын Қазақстан құрамасында ойнаған әрі Италияның "Милан" жүйесінен өткен Александр Меркельмен келісімшарт жасасты.

33 жастағы футболшы соңғы маусымды Дубайдағы Legentus FC сапында өткізген. Енді ол Қазақстан чемпионатына жеті жылдық үзілістен кейін қайта оралып отыр. Дәл сол кезеңде Меркель ұлттық құрамаға шақырту алған еді.

Германия жастар құрамасында ойнаған

Айта кетейік, Александр Меркель 15 пен 19 жас аралығында Германияның жастар құрамаларына шақырылған. Алайда ересектер деңгейінде халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсетуге шешім қабылдаған.

Меркель "Миланның" футбол мектебінде тәрбиеленген. 20 жасқа дейін негізгі командаға дейін көтеріліп, "россонерилер" сапында 13 матч өткізген. Дегенмен кейін негізгі құрамда тұрақтап қала алмады.

Қай клубтарда ойнады?

"Миланнан" кейін Меркельдің мансабы Еуропаның бірнеше клубымен байланысты болды. Ол әр жылдары:

  • Италиядағы "Дженоа", "Удинезе", "Пиза";
  • Германиядағы "Бохум" және басқа да командаларда ойнаған.

Қазақстан құрамасындағы жағдай

Александр Меркель Қазақстан құрамасы сапында 3 матч өткізген. Бірақ кейін Қазақстан паспортының күшін жоғалтып, ұлттық командада ойнау мүмкіндігінен айырылған.

Меркельдің "Жеңісте" қай елдің құжатымен (қандай паспортпен) тіркелетіні әзірге нақты жарияланған жоқ.

Реклама
Реклама