"Ман Сити" жұлдыздары жанкүйерлерден кешірім сұрап, билет ақысын қайтарды

Сарапшы, спорт журналисі

"Манчестер Сити" футболшылары Чемпиондар лигасындағы "Будё-Глимтке" қарсы сәтсіздіктен кейін Норвегияға еріп барған жанкүйерлерге қаржылай өтемақы төледі.

"Ман Сити" жұлдыздары жанкүйерлерден кешірім сұрап, билет ақысын қайтарды
upi.com

Не болды? Матч қалай аяқталды?

Кездесу 20 қаңтарда өтіп, “қалалықтар” сенсациялық түрде 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Норвегиялық клуб сапынан Каспер Хёг дубль жасап, Йенс Петтер Хауге тағы бір голмен көзге түскен, ал “Ситидің” жалғыз добын Райан Шерки соққан.

Бұл нәтиже норвегиялық клубтың Чемпиондар лигасында плей-офф үшін күресіне аз да болса үміт сыйлады. 

Қанша ақша қайтарылды және кімдерге?

Матчтан кейін “Сити” ойыншылары жанкүйерлерден кешірім сұрап, билет құнын өтеу үшін шамамен 10 мың фунтқа жуық қаражат шығарған. Нақты сома — 9 357 фунт, ол 374 жанкүйерге бөлінеді. Бұл ақпаратты Manchester Evening News те келтіреді.

Бұл оқиғаның резонанс тудыруының бір себебі — командалардың деңгейі мен қаржылық қуаты екі бөлек әлемде. Transfermarkt мәліметі бойынша, “Манчестер Ситидің” жалпы нарықтық құны 1,31 млрд еуро, ал “Будё-Глимттің” құны шамамен 57,53 млн еуро.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір