Жуырда клуб басшысы "Бенфика" мен "Спортинг" клубтарымен келіссөз жүргізді. Жұмыстарымен жіті танысқан болатын.
"Ақтөбе" футбол клубының басқарма төрағасы Арман Оспанов Португалия астанасы Лиссабонға іскерлік сапармен барып, елдің жетекші футбол клубтарымен келіссөздер жүргізді.
Сапар барысында Арман Оспанов Лиссабонның алпауыт клубтары — "Бенфика" мен "Спортингтің" жұмысымен танысты. Оның айтуынша, португалиялық футболдың аңызы Луиш Нанидің Қазақстанға сапары еуропалық футбол қауымдастығының "Ақтөбе" клубына деген қызығушылығын арттырған.
Арман Оспанов Португалия құрамасының бұрынғы капитаны Руи Кошта басқаратын "Бенфика" клубында болып, академияның жұмысы мен қолданылатын алдыңғы қатарлы технологиялармен танысты.
"Бенфиканың" футбол академиясының жетекшісі, португал футболының экс-жұлдызы Нуну Гомеш пен тәжірибелі бапкер Руи Витория "Ақтөбе" клубының басқарма төрағасына клубтың инфрақұрылымы мен жаттығу алаңдарын таныстырып, арнайы экскурсия өткізді.
Сонымен қатар, Арман Оспанов Лиссабонның тағы бір әйгілі клубы — "Спортингтің" академиясы мен оқу-жаттығу базасында болып, жастар футболын дамыту жүйесімен жақын танысты.
Сапар қорытындысы бойынша "Ақтөбе" алдағы уақытта "Бенфика", "Спортинг" және "Брага" клубтарымен тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.
Ынтымақтастық келесі бағыттарды қамтиды:
Осылайша, "Ақтөбе" клубы еуропалық тәжірибені енгізу арқылы қазақстандық футболдың дамуына серпін беруді көздеп отыр.