Былтырғы маусымда бұл ойыншы 16 ойынға қатысып, екі гол соғып, үш нәтижелі пас жасаған.
Ресейлік футболшы Ыдырыс Умаев ақтаулық "Каспий" клубына ауысу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды AmanVIBE.
Ақпаратқа сүйенсек, "Ахмат" футбол академиясының түлегі алдағы күндері Пиралы Әлиев жаттықтыратын командаға қосылып, келісімшартқа қол қояды. Умаевтың соңғы клубы "Ақтөбе" болды — ол бұл командаға 2023 жылдың басында келген еді.
"Ақ-қызылдар" сапында шабуылшы барлық турнирде 65 матч өткізіп, 11 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген. "Ақтөбемен" бірге ол Қазақстан чемпионатында екі рет қола жүлдегер атанып, ел Кубогын жеңіп алды.
Мансабының әр кезеңінде Ыдырыс Умаев Ресейдің "Ахмат", "Енисей", "Чайка", "Химки" клубтарында, сондай-ақ Литваның "Паланга" командасында және Қарағандының "Шахтер" сапында өнер көрсеткен.
Айта кетейік, өткен маусымда "Каспий" Бірінші лига чемпионатында сенімді жеңіске жетіп, келесі маусымда Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралды.