Реклама
Реклама

Қазақстан мен Өзбекстан клубтарының ойыны жаппай төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
02.02.2026, 22:09

Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында Қарағандының "Шахтеры" мен Өзбекстанның "Әндіжан" клубы жолдастық кездесу өткізді. Алайда төреші ойынды мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. 

instagram/@shakhterfc

Матч неге ерте аяқталды?

Қос команда арасындағы ойынның 54-минутында есеп 0:0 болып тұрған сәтте футболшылар қатқыл қақтығысқа барып, артынша алаңда жаппай итеріс-түріс басталған. Оқиға ушығып кеткен соң бас төреші кездесуді мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдаған.

"Шахтердің" бастапқы құрамы

Қарағандылық клуб бұл матчқа мына құраммен шықты:

Шацкий, Богачев, Зубайділдә, Рудосельский, Прокопенко, Айманов, Ахмедов, Қалыбаев, Артурұлы, Оспанов, Саутов.

Еске сала кетейік, өткен маусымда "Шахтер" Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында 4-орын алып, Премьер-лигаға көтеріле алмады.

Реклама
Реклама