Реклама
Реклама

Ресми: Кәрім Бензема "Әл-Хиләл" сапына ауысты

Сарапшы, спорт журналисі
03.02.2026, 12:03

Алтын доп иегері енді Криштиану Роналдудың тікелей қарсылас клубы сапында өнер көрсететін болады.

Сурет: ашық дереккөздерден

Франциялық шабуылшы Кәрім Бензема Сауд Арабиясының "Әл-Хиләл" футбол клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

38 жастағы футболшымен жасалған келісімнің мерзімі әзірге жарияланған жоқ.

2023 жылдан бері француз ойыншысы "Әл-Иттихад" клубының намысын қорғады. Ол бұл командамен бірге 2025 жылы Сауд Арабиясының чемпионы атанды. 29 қаңтарда L'Equipe газеті Бенземаның "Әл-Иттихад" сапында ойнаудан бас тартқанын хабарлады. Бұған клубтың ойыншыға жалақысы төмендетілген келісімшарт ұсынуы себеп болған.

Бенземаның мансабы жайлы

Бұған дейін Бензема испаниялық "Реал" және француздық "Лион" клубтарында өнер көрсетті. Мадридтік клуб құрамында ол Испания чемпионатын төрт рет, ел кубогын үш рет жеңіп алып, Чемпиондар лигасын бес рет ұтты. 2022 жылы Бензема France Football журналы нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" жүлдесінің иегері атанды. Ол "Реал" сапында 648 матч өткізіп, 354 гол соғып, клуб тарихындағы ең үздік сұрмергендер тізімінде екінші орында тұр.

Реклама
Реклама