"Ақтөбе" ФК Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынына (ОЖЖ) қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Жиын 25 ақпанға дейін жалғасады.
Түркияға аттанған футболшылар қатарынан португалиялық жартылай қорғаушы Луиш Нанидің аты табылмады.
Amanvibe.kz мәліметінше, “Манчестер Юнайтедтің” экс-ойыншысы клуб басшылығы мен бапкерлер штабының келісімі бойынша командаға 6–7 ақпанда қосылады. Одан кейін Нани “Ақтөбемен” бірге Қазақстанға қайтпақ.
Ақпарат көздері Еуро-2016 жеңімпазы жаңа клубындағы алғашқы ойынын Қазақстан Премьер-Лигасының бірінші турында-ақ өткізуі ықтимал екенін атап өтеді.