Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек "Ахмат" сапында бірге жаттығу өткізіп, жанкүйерлер назарына ілікті.
"Футбол Жолы" YouTube-арнасы жариялаған видеода қазақстандық футболшылардың алаңдағы өзара түсіністігі мен доппен жұмыс істеу шеберлігі байқалады. Кадрда Кенжебектің алыстан асырған добын Самородов бір-ақ жанасумен қабылдап, допты қайтадан дәл әріптесіне бағыттайды.
Дереккөз роликті: "Самородов пен Кенжебек: бір жанасумен мінсіз қабылдау" деп атап өткен.
Максим Самородов "Ахмат" клубында 2024 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді.
Ғалымжан Кенжебек грозныйлық клубқа биыл 10 қаңтарда ауысты.
Екі футболшы да Қазақстан құрамасының негізгі ойыншылары қатарында.