Реклама
Реклама

Файзуллаев ассист беріп, Шомуродов гол соқты: "Башакшехир" жеңіске жетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
08.02.2026, 20:16

Түркия Суперлигасының 21-турында "Истанбул Башакшехир" сырта алаңда "Эюпспорды" 2:1 есебімен тізе бүктірді.

t24.com.tr

Кездесуде өзбекстандық легионерлер шешуші рөл атқарды. 14-минутта Аббосбек Файзуллаев шабуылды дәл паспен түйіндеп, оның ассистінен Дави Зельке есеп ашты. Ал 53-минутта тағы бір өзбекстандық шабуылшы Эльдор Шомуродов қонақтардың басымдығын арттырды. Алаң иелері матч соңында есеп айырмасын қысқарта алды. 

Бұл жеңістен кейін “Истанбул Башакшехир” 33 ұпай жинап, турнирлік кестеде 6-орындағы орнын нығайтты. Ал “Эюпспор” 18 ұпаймен 15-сатыда қалып, төменгі аймаққа тым жақын тұр.

Реклама
Реклама