Реклама
Реклама

Қазақстаннның бес дүркін чемпионы стадионсыз қалды

Сарапшы, спорт журналисі
08.02.2026, 21:46

"Ертіс" алдағы маусымда ҚПЛ-дегі үй матчтарын Павлодарда өткізбеуі ықтимал.

фото ашық дереккөзден алынды

“Ертіс” неге Павлодарда ойнамауы мүмкін?

Amanvibe келтірген мәліметке сәйкес, Павлодар әуежайы тамыз айына дейін реконструкцияға жабылады. Осыған байланысты логистикалық қиындықтар туындап, ҚФФ (Қазақстан футбол федерациясы) клубтан өзге қаладағы резервтік стадионды таңдауды талап етуі мүмкін.

Дереккөздің жазуынша, “Ертіс” басшылығы маусымның алғашқы бөлігін “Астана Аренада” өткізу нұсқасын қарастырып отыр.

“Астана Арена” бос па?

Мәселе – елордадағы стадионның кестесі онсыз да тығыз. “Астана Арена” қазіргі таңда: “Астана”, “Жеңіс” және уақытша “Елімай” клубтарының матчтарын қабылдайтын арена ретінде көрсетілген. Сондықтан павлодарлық клубтың нақты қайда ойнайтыны кейінірек, федерация және чемпионат ұйымдастырушыларымен келіссөзден соң белгілі болады.

“Ертістің” мәртебесі: ҚПЛ-ге қайта оралған бес дүркін чемпион

“Ертіс” өткен маусымда Бірінші лигада екінші орын алып, жоғары лигаға жолдама иеленді. Павлодар клубы Қазақстан чемпионы атағын 5 рет жеңіп алған:

  • 1993
  • 1997
  • 1999
  • 2002
  • 2003
Реклама
Реклама