Реклама
Реклама

“Қайрат” басшысы Темірлан Анарбековтің трансферіне қатысты басты шартты атады

Сарапшы, спорт журналисі
09.02.2026, 15:08

"Қайрат" футбол клубының бас директорының айтуынша, қақпашыға қатысты ұсыныстар болған. Алайда ешқайсысы клубтың мақсат-мүддесіне сай болмаған. 

Sports24.kz

"Қайрат" футбол клубының бас директоры Қайрат Боранбаев қақпашы Темірлан Анарбековтің трансферіне қатысты әңгіменің басын ашты. Бұл туралы offside.kz хабарлады. Оның айтуынша, қақпашыға қатысты ұсыныстар болған. Алайда олар клубтың мақсат-мүддесіне сай келмеген.

"Анарбековке қатысты ұсыныстар болды, бірақ олар клубтың амбицияларына сай келмеді. Біз тек ресми түрде түскен ұсыныстарды ғана қарастырамыз. Ал әңгіме деңгейіндегі нұсқалардың ешқандай негізі жоқ", — деді ол.

Сондай-ақ клуб басшысы қақпашының болашағына қатысты нақты талап бар екенін атап өтті.

"Біз Анарбековтің мықты чемпионатқа және деңгейі жоғары клубқа ауысқанын қалаймыз. Егер лайықты ұсыныс түссе, оны міндетті түрде қараймыз", — деп қосты Боранбаев.

Айта кетейік, бұған дейін "Қайраттың" тағы бір қақпашысы Шерхан Қалмырзамен келісімшарт ұзартылған болатын. Жаңа келісім 2028 жылдың соңына дейін жарамды. 

Фото: Zakon.kz

Темірлан Анарбековтің мансабы туралы

Темірлан Анарбеков Қазақстан Премьер-лигасында 2020 жылдың 30 қарашасында "Таразға" қарсы матчта дебют жасады.

2025 жылдың тамызында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде шотландиялық "Селтикке" қарсы ойында үш пенальти қайтарып, "Қайраттың" турнирдің жалпы кезеңіне шығуына зор үлес қосты.

Ұлттық құрамадағы жолы:

  • U19 құрамасы — 2021 жылғы 6 қазан
  • Қазақстан ұлттық құрамасы — 2025 жылғы 4 қыркүйек, ӘЧ-2026 іріктеуіндегі Уэльске қарсы матч

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионы — 2020, 2025
  • Қазақстан Кубогының иегері — 2021
  • Қазақстан Суперкубогы — 2025
Реклама
Реклама