Реклама
Реклама

Криштиану Роналдудың бұрынғы командаласы Нұралы Әліпке қосылды

Сарапшы, спорт журналисі
09.02.2026, 19:06

"Зенит" ФК шабуыл шебін жаңа ойыншымен күшейтті. Колумбиялық шабуылшы Джон Дуран ресми түрде петербургтік командаға ауысты.

instagram/@zenit_spb

Джон Дуран — "Зенит“ ойыншысы»

Клубтың Instagram желісіндегі хабарламада тараптардың келісімге келгені айтылды:

"Зенит“ пен Сауд Арабиясының "Әл-Наср“ клубы шабуылшы Джон Дуранды жалға алу жөнінде ортақ шешімге келді. Арендалық келісім 2025/26 маусымының соңына дейін жарамды".

Роналдудың командасындағы көрсеткіштері

22 жастағы футболшы бұған дейін Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының намысын қорғады. Айта кетейік, дәл осы командада португалиялық супержұлдыз Криштиану Роналду өнер көрсетеді. Дуран бұл клубта 13 матч өткізіп, 8 гол соқты. 

Колумбиялық форвардтың мансабында Еуропаның бірнеше танымал клубы бар. Олар: "Астон Вилла" және "Фенербахче" командасындағы бір маусымдық аренда. 

Нұралы Әліптің жаңа әріптесі

Қазір "Зенит" сапында Қазақстан құрамасының капитаны Нұралы Әліп өнер көрсетіп жүр. Ол ресейлік клубқа 2023 жылы "Қайраттан" ауысқан. Енді қазақстандық қорғаушы Джон Дуранмен бір командада ойнайды.

Реклама
Реклама