Реклама
Реклама

"Мені мазақ қылатын…" — Нұралы Әліп Ресейдегі ең қиын сәтін ашып айтты

Сарапшы, спорт журналисі
10.02.2026, 18:20

Қазақстан құрамасының капитаны, Санкт-Петербургтің "Зенит" клубының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресейге көшкеннен кейінгі алғашқы кезеңде тілдік барьер айтарлықтай қиын болғанын айтты.

instagram/@zenit_spb

"Алғашында күрделі сөздер қиын болды" 

Футболшының сөзінше, жаңа ортаға бейімделу кезінде қарапайым сөздерді айту жеңілірек болғанымен күрделі тіркестерде жиі қате жіберген.

"Алғашқы уақытта маған жеңіл сөздерді айту оңай болды, ал күрделілері қиынға соқты — қателесіп жүрдім. Әуелде жігіттер күлмеді, өйткені Қазақстаннан келгенімді түсінді.

Кейін оларға бізде де орыс тілі оқытылатынын, мектепте пән болғанын түсіндірдім. Содан кейін әр қателігімде күле бастады. Мен орыс тілімді жақсарттым, қазір еркін сөйлесемін", — деді Әліп.

"Қайратта" да әзілдейтін»

Нұралы Әліп өз акценті мен қателері үшін тек "Зенитте" емес, бұрынғы клубы "Қайратта" да әзілге қалатынын еске алды.

"Жауап қайтарғым келген жоқ. Менің орыс тілімді „Қайратта“ да күлкі ететін. Сергей Кейлер, Бато (Бауыржан Исламхан) әзілдеп қоятын.

Қазір өзімді сенімді сезінемін. Иә, қателессем де білдіртпеймін. Соңына дейін өз дегенімде тұрамын. Жігіттер де қалыпты қабылдайды", — деп түйіндеді футболшы.

Әліптің "Зениттегі" жетістіктері

Еске сала кетейік, алматылық "Қайрат" академиясының түлегі Нұралы Әліп 2022 жылдың басынан бері "Зенит" сапында ойнап келеді. Осы уақыт ішінде қорғаушы:

  • Ресей чемпионы атағын үш рет жеңіп алды;
  • Ресей кубогын иеленді;
  • Суперкубокты да қанжығасына байлады.
Реклама
Реклама