Қазақстанның жеті дүркін чемпионы "Астана" Дубайдағы (БАӘ) оқу-жаттығу жиыны аясындағы кезекті жолдастық кездесуін өткізді.
9-минутта "Спартак" сапында ганалық қорғаушы Александр Джику есеп ашты. Ал 71-минутта хорватиялық футболшы Карло Бартолец "Астананы" жеңілістен құтқарды.
Мәскеулік клуб Ресей футболындағы ең титулды командалардың бірі саналады:
Қазіргі маусымның РПЛ (Ресей Премьер-лигасы) алғашқы бөлімі қорытындысы бойынша "Спартак" турнир кестесінде 6-орында тұр.
"Спартакпен" ойын — елордалық клуб үшін шетелдегі оқу-жаттығу жиынындағы үшінші матч. Бұған дейін "Астана" жергілікті "Arabian Falcons" командасын 3:2 есебімен ұтты және Арменияның "Ноа" клубымен 0:0 тең ойнады.
Дубайдағы жиын аясында "Астананы" әлі екі кездесу күтіп тұр. Олар: Қытайдың "Чжэцзян Профешнл" клубы және Өзбекстанның "Динамо Самарқанд" командасы.