Қостанайдың "Тобыл" ФК Түркия жағалауындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, Еуропаның түрлі командаларымен жолдастық кездесулер өткізіп жатыр.
Нұрбол Жұмасқалиев шәкірттеріне Грозныйдың "Ахмат" клубы қарсылас болды. Ресейлік ұжым сапында Қазақстанның екі шабуылшысы — Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетеді.
Айта кетейік, "Ахматты" Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады.
Қостанайлық команда рейтингі жоғары ұжымға лайықты қарсылық танытып, 2:1 есебімен жеңіске жеттті. Асхат Тағыберген пен Луис Герра мергендік танытты.
Сол күні Түркияның Белек қаласында Қызылорданың "Қайсары" да жолдастық матч өткізді. "Дала қасқырлары" Калининградтың "Балтикасына" 1:2 есебімен есе жіберді.
"Қайсар" сапында жалғыз голды Мүсілім Жұмат соқты.