Кубоктің аясында алғашқы кездесуде ұлттық құрама жастары Беларусь елімен бақ сынасты.
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі футболшылары Минскіде өтіп жатқан "Даму кубогы-2026" турнирін жеңіспен бастады.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) "Даму кубогы-2026" турниріндегі алғашқы ойынында Минск қаласының U-17 командасын 3:1 есебімен жеңді. Бауыржан Сағындықтың шәкірттері жарысты сәтті бастады.
Жеңімпаздар сапында Дигдар Омаров 18 және 51-минуттарда гол соқты. Ал Ислам Рақым 49-минутта пенальтиден мергендік танытты. Минскілік команда сапынан жалғыз голды 54-минутта Клим Лобан енгізді.
Келесі матчта қазақстандық жасөспірімдер Беларусь U-17 құрамасымен кездеседі. Ойын 20 ақпанда Астана уақытымен сағат 20:00-де өтеді.
Қазақстан құрамасы турнирде А тобында Беларусь U-17, Тәжікстан U-17 және Минск U-17 командаларымен бірге өнер көрсетуде. В тобында Беларусь U-16, Өзбекстан U-17, Әзербайжан U-17 және Ресей U-17 құрамалары ойнайды.