Қызылорда облысының әкімдігі жеке басқаруға өткен "Қайсар" футбол клубын қаржыландыру үшін шамамен 858 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр.
Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ҚҚС-сыз 858 млн теңгеге жуық қаражатқа клуб қызметін ұйымдастыруға қатысты тендер жариялаған. Құжаттарда көрсетілгендей, бұл қаржы “Қайсардың” мына турнирлерге толыққанды қатысуына бағытталады:
Сондай-ақ әр команда үшін Қазақстан ішінде және шетелде кемінде екі оқу-жаттығу жиынын өткізу көзделген.
Жоспардағы бюджет клубтың күнделікті жұмысына қажет негізгі бағыттардың барлығын қамтиды.
Бұған дейін құны 25,7 млрд теңге деп бағаланған “Қайсар Арена” стадионын 5 жыл мерзімге, сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жоспары белгілі болған.
Нысан 2025 жылы пайдалануға берілген. Стадион 11 мың жанкүйерге лайықталған және УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай келеді.
Еске салайық, 2025 жылдың қазан айының соңында “Қайсар” клубы жеке басқару жүйесіне өткен еді. Жаңа басшы ретінде Исламғали Қозбақов тағайындалған.
Клуб таратқан ақпаратқа сәйкес, алдағы кезеңде: