Реклама
Реклама

Даму кубогы: Қазақстан – Тәжікстан матчы камбэкпен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:20

Үшінші тур аясында Қазақстан жастары Тәжікстан құрамасымен матч өткізді.

ҚФФ

Минскіде (Беларусь) 17 жасқа дейінгі Қазақстан мен Тәжікстан жасөспірімдер құрамалары арасында Даму кубогының матчы өтті.

Қазақстан U-17 құрамасы алаңға мынадай бастапқы құраммен шықты:

  • Шайзада, Амренов, Орынбасар, Омаров, Жайлаубек, Золкин, Төленді, Жоламан, Шарипжан, Абди, Мұкашев.

Ойын жайлы

Есеп матчтың үшінші минутында ашылды — тәжікстандық футболшылар бұрыштама добын сәтті орындап, соның нәтижесінде Мунавар Анварзод допты қақпаға тоғытты. 32-минутта қазақстандық жасөспірімдер де корнерді тиімді пайдаланып, Ануар Төленді таразы басын теңестірді. Кездесудің соңына қарай Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тағы екі рет мергендік танытты — Ислам Рақым мен Роман Черноморец гол соқты. Қорытынды есеп — 3:1, Қазақстан U-17 құрамасының пайдасына.

Еске салайық, бұған дейін Даму кубогында Қазақстан Минск құрамасының құрдастарын 3:1 есебімен жеңіп, кейін Беларусь командасына 0:2 есебімен есе жіберген болатын.

Реклама
Реклама