Реклама
Реклама

"Ақтөбе" "Баварияны" чемпион қылған бас бапкермен келіссөз жүргізіп жатыр

Сарапшы, спорт журналисі
21.02.2026, 22:05

"Ақтөбе" ФК атақты неміс бапкері Феликс Магатпен келіссөз бастап кеткені туралы ақпарат тарады.

standard.co.uk

Магат кім және неге аңыз?

Феликс Магат — Еуропа футболында аты танымал, талапшыл мінезі және командасын физикалық дайындыққа қатты баптайтын маман ретінде белгілі.

Ол бапкерлік қызметінде мынадай нәтижелерге қол жеткізген:

  • "Бавария" — екі мәрте Германия чемпионы, екі мәрте Германия Кубогының жеңімпазы
  • "Вольфсбург" — Германия чемпионы
  • "Шальке-04" — Бундеслигада 2-орын

Магаттың соңғы клубы — "Герта". Ол берлиндік командадан 2022 жылы кеткен.

Ойыншы ретіндегі жетістіктері

Футболшы ретінде де Магаттың жолы айрықша:

  • ФРГ құрамасында 43 матч өткізіп, 3 гол соққан
  • Еуропа чемпионы (1980)
  • Әлем чемпионаттарының екі мәрте күміс жүлдегері: 1982 және 1986

"Ақтөбе" үшін тарихи шешім болуы мүмкін

Егер тараптар келісімге келсе, Феликс Магаттың "Ақтөбеге" келуі Қазақстан футболы тарихындағы ең даулы да, ең резонансты тағайындаулардың бірі болуы ықтимал, деп жазады ASnews.kz. 

Қазіргі мәлімет бойынша, Магат Анталияда жүр. Дәл осы қалада "қызыл-ақтар" оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Айта кетейік, соңғы уақытта БАҚ беттерінде "Ақтөбенің" бас бапкері Николай Костов қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат бірнеше рет шыққан.

Реклама
Реклама