Реклама
Реклама

Өзбекстан құрамасының ойыншылары "Башакшехирге" жеңіс әперді

Сарапшы, спорт журналисі
21.02.2026, 23:26

Ытанбұлдың "Башакшехир" клубы Түркия Суперлигасының 23-турында сырт алаңда "Аланьяспорға" қарсы жеңіске жетті.

haberglobal.com

Матч тағдыры пенальтиде шешілді

Кездесу қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Өзбекстан құрамасының екі ойыншысы Эльдор Шомуродов пен Аббосбек Файзуллаев негізгі құрамда алаңға шықты.

Ойынның шешуші сәті 44-минутта тіркелді. Шомуродов пенальтиден мүлт кетпей, "Башакшехирдің" жеңіс голын соқты.

Файзуллаев та, Шомуродов та алаңда 71 минут ойнады.

Турнирлік кестедегі жағдай

Тур қорытындысы бойынша "Башакшехир" Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде 6-орында келеді. Команданың еншісінде 36 ұпай бар. 

Эльдор Шомуродов Түркия чемпионатының мергендер тізімінде көш бастап тұр. Оның еншісінде 16 гол.

Реклама
Реклама