Қазақстан Премьер-лигасының ең қымбат топ-5 ойыншылар санатына кіретін африкандық шабуылшы енді келесі маусымда шымкенттік клубтың намысын қорғайтын болады.
Усман Камара мансабын "Ордабасыда" жалғастыруы мүмкін.
"Дядя Ваня" телеграм-арнасының мәліметінше, африкалық легионер мен шымкенттік клуб арасындағы келіссөздер сәтті өрбіп жатыр. Дереккөз тараптардың ортақ мәмілеге келіп, жақын арада келісімшартқа қол қою ықтималдығы жоғары екенін атап өтеді.
Айта кетейік, Камара 2025 жылдың желтоқсан айының соңында "Астана" клубымен арадағы келісімін мерзімінен бұрын тоқтатқан. Негізі оның елордалық командамен шарты алдағы маусым аяқталғанға дейін күшінде болуы тиіс еді.
Transfermarkt порталының дерегіне сәйкес, футболшының нарықтық құны – 1 миллион еуро. Қазіргі таңда ол Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат бағаланатын төрт ойыншының бірі саналады. Бұл тізімде Камарадан жоғары Дастан Сәтпаев, Иван Башич және Пабло Альварес бар.