Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының қақпашысы 2 минутта екі гол жіберіп алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
05.03.2026, 21:31

Футболдан Әзербайжан кубогының ширек финалындағы қарымта матчта Стас Покатилов соңғы минуттарда екі гол жіберіп, "Сабахтың" "Габалаға" қарсы жеңісті ұстап тұруына мүмкіндік бермеді.

instagram/@sabahfc

Матч қалай өтті?

Кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Қонақтар Тимотеуш Пухачтың дублі арқасында алға шыққан, бірақ соңғы минуттарда "Габала" таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша матч қосымша уақытқа ұласты

Қызыл қағаз да тоқтата алмады

Екінші таймда алаң иелері Адриэль Ба Луа алаңнан қуылғаннан кейін азшылықта қалды. Соған қарамастан "Габала" ойын соңында камбэк жасады. 

Бұл жұптың алғашқы ойыны 0:0 болып аяқталған. Келесі кезеңге өткен команда жартылай финалда "Қарабахпен" ойнайды.

Реклама
Реклама