Реклама
Реклама

Мессиге мадақ. Ақ үйге алғаш барған аргентиналыққа Трамп алғысын жаудырды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:30

АҚШ президенті кездесу барысында Лионель Мессиді Пеледен де мықты футболшы деп атады.

m.rediff.com

Лионель Месси бразилиялық аңыз Пеледен де мықты футболшы. АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде MLS чемпионы "Интер Майами" ойыншыларын қабылдау кезінде аргентиналық жұлдызға осындай мақтау сөздерін жаудырды. 

Салтанатты кездесудің видеосы Ақ үйдің ресми YouTube арнасында жарияланды.

Трамп: "Месси – Пеледен де мықты"

Қабылдау барысында Дональд Трамп футбол тақырыбына да тоқталып, Лионель Мессидің ойын деңгейін ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, аргентиналық шабуылшы әлемдік футбол тарихындағы ең мықты ойыншылардың бірі. Тіпті бразилиялық аңыз Пеледен де мықты.

Жалпы, бұл қабылдау Лионель Месси үшін де ерекше оқиға болды. Аргентиналық футболшы алғаш рет АҚШ президентінің ресми резиденциясына барды.

Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында Мессиге АҚШ президентінің Бостандық медалін тапсыру рәсіміне шақырту жасалған, алайда ол сол кезде іс-шараға қатыса алмаған еді.

Мессидің MLS-тағы жетістігі

Өткен маусымда Лионель Месси "Интер Майами" сапында MLS Кубогын жеңіп алып, командасымен бірге Шығыс конференциясының чемпионы атанды.

Реклама
Реклама