Реклама
Реклама

"Астанада" ең көп жалақы алатын футболшылар кім?

Сарапшы, спорт журналисі
06.03.2026, 20:06

Елордалық клубта ең жоғары айлық алатын ойыншылардың қатарына Марин Томасов, Йосип Чондрич және Джеффри Чинеду енді.

Instagram/@fca.astana

Елордалық клуб сапындағы хорватиялық футболшылар — Марин Томасов пен Йосип Чондрич ай сайын 21 миллион теңгеден жалақы алған, деп жазады ASnews.kz. 

Сондай-ақ, нигериялық шабуылшы Джеффри Чинеду да клубтағы жоғары жалақы алушылардың бірі болған. Ол айына 15 миллион теңге көлемінде табыс тапқан.

Айта кетейік, 28 жастағы шабуылшы қысқы трансферлік кезеңде ресейлік "Крылья Советов" клубына ауысты.

Ал тәжірибелі вингер Марин Томасов "Астана" сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Ал қақпашы Йосип Чондрич елордалық клубқа 2023 жылы қосылған.

Қазір "Астана" қаржылық қиындықтарды бастан өткеріп жатыр. Осыған байланысты клуб инвестор іздеуді күшейткен. Бұған қоса команда бірнеше негізгі ойыншысымен қоштасуға мәжбүр болды.

Реклама
Реклама